Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
29 наурыз күні Ақтөбе​ облысының әкімі Оңдасын Оразалин​ "АMANAT" партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында өңір тұрғындарын қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
​ Ақтөбеліктер өңір басшысына кәсіпкерлікті қолдауға, кезекте тұрғандарға баспана, ауыл шаруашылығын жүргізетін жер беруге​ қатысты және т.б.​ сұрақтары бойынша жүгінді.​
Азаматтардың барлық бағыттағы сұрақтарын мұқият тыңдап шыққан Оңдасын Оразалин тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына мәселені​ Заң аясында шешуді​ тапсырды.​
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі