29 наурыз күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Онда 2021 жылдың мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасап жұмыстан босатылу, ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихат жұмыстарының жай-күйі мен оны жетілдіру жөніндегі шаралар мен қазіргі жағдай, облыстық және аудандық жедел штабтардың жедел топтарында туындаған материалды-техникалық жарақтандыру мәселелері бойынша қорытындысы қаралды.
Отырыс соңында облыс әкімі жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде жемқорлықты ескерту және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этика нормаларын бұзуының алдын алу жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі