18 наурыз күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының міндетін атқарушы Линда Монро, азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған комиссиямен кездесті.
Комиссия мүшелері Ақтөбе халықаралық әуежайының ұшып-қону жолағын қарап шықты.
"Нысанды қарау кезінде жөндеуді қажет ететін жерлер анықталды. Қолданылатын технологиялар мен материалдар талқыланды. Барлығын қысқа мерзімде
толықтай жөндейтін боламыз. Содан кейін әуежай жұмысын қайта бастайды. Облыс әкімдігі, авиациалық әкімшілік және азаматтық авиация комитеті басшылығы арасында тиісті келісімге қол жеткізілді",- деді облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы делегация сапарының қорытындысы бойынша.