Ақтөбе облысы әкімдігінде Президенттің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру бойынша қызметтік жиын өтті

Ақтөбе облысы әкімдігінде Президенттің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру бойынша қызметтік жиын өтті

Ақтөбе облысы әкімдігінде облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің
төрағалығымен Президенттің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру
бойынша қызметтік жиын өтті. Жиын жұмысына мемлекеттік органдардың
басшылары, Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдері бейне
байланыс арқылы қатысты.
«Жолдауда ірі саяси өзгерістермен қатар күнделікті бетпе-бет келетін
өзекті мәселелер көтерілді. Мәселен, көктемгі далалық жұмыстарды
жүргізу сұрағы. Өйткені, бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
етуде, бағаны тұрақтандыруда тікелей маңызды. Біздің міндетіміз –
халықтың әл-ауқатын көтеруге тікелей әсер ететін міндеттерді тиімді
жүзеге асыру»,- деді жиынды ашқан Оңдасын Оразалин.
Президенттің 16 наурыз күнгі «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»
атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыратын бірқатар бірінші
кезектегі шаралар талқыланды.
«Алдымызға қойған ұзақ мерзімді стратегиялық жобаларды іске асыру үшін
біз қазірдің өзінде тиісті шараларды қабылдап, күнделікті атқарылып
жатқан жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Бізде мемлекет
басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыратын барлық ресурс бар»,- деп
атап өтті облыс әкімі.
Жиын барысында Оңдасын Орзалин орынбасарлары мен жауапты сала
басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде көктемгі егіс
науқанына дайындық, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының
тұрақтылығын қамтамасыз ету және т.б. жұмыстары бар.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі