Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тапшы емес

Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тапшы емес

Дүкен сөрелерінде, сауда желілерінің қоймаларымен қатар, тұрақтандыру қорларында да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық 19 түрінің қажет қоры бар.

Әлеуметтік тауарлардың жергілікті тауарөндірушілері халықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ете отыра штаттық тәртіпте жұмыс жасап тұр.

Облыс әкімдігі тұрғындарды бағаның негізсіз өсуіне әкелетін жасанды дүрлігуді тудырмауға шақырады.

Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының негізсіз өсуіне жол беретін сауда субъектілеріне тиісті әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік тұрғыдағы шаралар қабылданатын болады.