Ақтөбеде «Аманат» партиясы облыстық филиалының актив отырысы өтті

Ақтөбеде «Аманат» партиясы облыстық филиалының актив отырысы өтті
Жұма, 4 наурыз күні Ақтөбеде өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен «Аманат» партиясының облыстық филиалының актив отырысы өтті.
Отырыс жұмысына саяси кеңестің мүшелері, мәслихат депутаттары, партия белсенділері және онлайн форматта барлық аудандық филиалдар қатысты.
Күн тәртібінде бір мәселе – Ақтөбе облыстық филиалының партияның кезектен тыс XXIII съезі шешімдерін жүзеге асыру міндеттері қаралды.
«Мемлекет басшысы, партия төрағасы елді одан әрі жаңғырту жолындағы жұмысында партия мүшелеріне сенім артатынын баса айтты. Бүгін біз өңірде алдымызға қойған үлкен міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін жүзеге асырылатын шараларды анықтауымыз қажет»,- деді отырысты ашқан Оңдасын Оразалин.
Жиын барысында бірқатар баяндамалар тыңдалды.Талқылау қорытындысы бойынша облыс әкімі, партияның Ақтөбедегі филиалының төрағасы аумақтық филиал төрағаларына, яғни аудан әкімдеріне қоғамдық кеңестермен тығыз байланыста жұмыс істеп, тұрғындардың өзекті мәселелерін бірлесіп шешуді, шалғай елді мекендерде азаматтарды жиірек қабылдауды, партиялық бақылауды күшейтуді, партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасын орындалуын талдауды және т.б. тапсырды.
Оңдасын Оразалин: «Әрбір арыз-шағымды тұрғынның жан айқайы деп қабылдауларыңыз керек. Олардың әрқайсысы мұқият зерттеліп қана қоймай, сол бойынша барынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәселені шешуге барынша қолдау көрсетілуі тиіс»,- деп атап өтті.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі