25 ақпан, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин "Атамекен" ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталовпен жұмыс бабымен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы,
"Атамекен" ҰКП басқарма басшысының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов,
"Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов, Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес төрағасы Асхат Айтжанов пен ҰКП директоры Дана Бекбауова қатысты.
Тараптар өңірдегі шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы мен даму әлеуетін, кәсіпкерліктің биыл жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары мен өзге де өзекті сұрақтарды талқылады.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі