Құқықбұзушылық пен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырысы өтті

Құқықбұзушылық пен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырысы өтті

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен  құқықбұзушылықтың алдын алу, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырысы өтіп, су тасқыны кезеңіне, суға түсу маусымына дайындық, өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту, құқықбұзушылық пен жол-көлік оқиғаларының алдын алу сұрақтары қаралды.
Отырыс соңында облыс әкімі бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, өңір басшысы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, соның ішінде оқушыларға жол қозғалысы ережелері мен суда қауіпсіз жүруді үйрету,  қалта ұрлығын ескерту бойынша профилактикалық шараларды үнемі жүргізіп отыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ, өңір басшысы жолдарды, әсіресе облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды уақытында тазартып отыруды, елді мекендердің жолдарымен қатар, көшелерінің жарықпен қамтылуын ұлғайтуды атап өтті.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі