Оңдасын Оразалин облыстық басқарма басшыларының есептерін тыңдады​ ​

Оңдасын Оразалин облыстық басқарма басшыларының есептерін тыңдады​ ​
14 ақпан, дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысы әкімдігінің басқарма басшыларын қабылдады. Олар басқарманың​ қазіргі жұмыс​ барысы​ мен 2022 жылдарға арналған алдағы жоспарлары​ жайында есеп берді.
Бес басқарманың, атап айтқанда кәсіпкерлік, еңбек инспекциясы, индустриалды-инновациялық даму, денсаулық сақтау, цифрлық технологиялар басқармаларының​ есептерін​ тыңдап шыққан облыс әкімі бірқатар нақты тапсырмалар берді.​
«Басты міндет —​ экономика өсімінің төмендеп кетуіне жол бермей, мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық даму және халықтың әл-ауқатын көтеру​ бойынша барлық тапсырмаларын жүзеге асыру»,- деді О.Оразалин.​
Облыс әкімі сондай-ақ, бюджет қаражатын қатаң қадағалауды, қаржыландыру жоспарларына сай толық әрі тиімді игерілуін​ қамтамасыз етуді​ талап етті.​
Бұдан бөлек, денсаулық сақтау басқармасының басшылығына коронавирус індетінің алдын алу және халыққа екпе салу жұмыстарын күшейту​ тапсырылды. Айта кетейік, бүгін Ақтөбе облысы​ COVID-19-дың таралуы жағынан «жасыл» аймаққа кірді.​
​
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі