"Парыз" республикалық байқауының Ақтөбе облысындағы лауреаттары аталды

"Парыз" республикалық байқауының Ақтөбе облысындағы лауреаттары аталды
7 желтоқсан, сейсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында "Алтын сапа" сыйлығы мен "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқауының иегерлерін марапаттау салтанатты шарасы өтті.
Бірден үш ақтөбелік "Парыз" байқауының иегері атанды. Атап айтқанда, "шағын және орта бизнес субъектілері" санаты бойынша бас жүлдеге
«ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС ие болды. Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" болып "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС танылса,
шағын және орта бизнес субъектілері арасында "Аслан" шаруа қожалығы "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығына ие болды. Биыл байқауға қатысу үшін Ақтөбе облысынан барлығы 39 субъект тапсырыс берген.
Айта кетейік, облыс әкімі Оңдасын Оразалин лауреаттарды марапаттау рәсімін онлайн қарап болған соң "Парыз" және "Алтын сапа" байқауларына белсенді қатысқан бірқатар ақтөбелік кәсіпорындардың басшыларына алғыс хаттар табыс етті.
Атап айтқанда, "Үздік ұжымдық зауыт" аталымы бойынша "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС мен “Сағыз Петролеум Компани” ЖШС, "Экологияға қосқан үлесі үшін" аталымы бойынша "Қазақтүрікмұнай" ЖШС, "Үздік еңбекті қорғау кәсіпорны" аталымы бойынша
«Транстелеком Байланыс» ЖШС марапатталды.
"Тұңғыш Президент бастамалық еткен бақауға қатысудың өзі - үлкен құрмет. Іріктеу турына үздіктің үздігі өтеді. Жоғары биіктерге қол жеткізген табысты, әлеуметтік жағынан бағдарланған кәсіпорын болып қала беріңіздер",- деді облыс әкімі.
«Транстелеком Байланыс» ЖШС директоры Төлеген Исерғожин байқау компанияны жаңа биіктерге рухтандырғанын атап өтті.
"Биыл біз "Парыз" байқауына алғаш рет қатысып тұрмыз және "Алтын сапа" сыйлығынан үміттендік. Байқау дамуымызға түрткі болды. Біз еңбек гигиенасы, жұмысшылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты сынды "үш китке" негізделген еңбекті қорғау ережелерінің жеті алтын ережесін қолданатанатын компания болып табыламыз. Осы жылы республикалық байқауда жеңген жоқпыз, бірақ келер жылы лауреаттар қатарынан көрінеміз деп үміттенеміз",- дейді Төлеген Исерғожин.
 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі