Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат​ жиыны өтті

Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат​ жиыны өтті
Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат​ жиынында коронавирусқа қарсы екпе алу қарқыны қаралды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан​ Хамбаровқа, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевқа​ COVID-19-бен күрес жұмыстарын​ жеке бақылауына алуды​ және халықтың екпе алу қарқынын,​ соның ішінде ақтөбеліктерге бір-екі күнде қол жетімді болатын​ Pfizer фирмасының вакцинасын алуын​ күшейтуді тапсырды.
Оңдасын Оразалин екпе —​ ауруды жұқтырмаудың және күшейіп кетпеуінің сенімді амалы екенін атап өтті. Сонымен қатар, жиын кезінде өңірдің ауылдық​ елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту мәселесі​ қаралды. Облыс әкімі алдымыздағы жылдары ауылдарды сумен қамту жобаларын​ барынша жүзеге асыру үшін жобалық-сметалық құжаттаманы уақытылы әзірлеу жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтты.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі