Оңдасын Оразалин ақындар айтысының қазылар алқасымен кездесті

Оңдасын Оразалин ақындар айтысының қазылар алқасымен кездесті
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин​ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына​ арналған​ «Тұғырлы Тәуелсіздік» республикалық ақындар айтысының қазыларымен және қонақтарымен кездесті. Кездесуге халық әртісі Асанәлі Әшімов пен оның жұбайы Бағдат Әшімова,​ айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы​ Жүрсін Ерман,​ Қазақстанның​ еңбек сіңірген қайраткерлері​ ​ ​ Аманжол Алтай,​ Ғалым Жайлыбай мен​ Даулеткерей Кәпұлы,​ ақын-импровизатор Бауыржан Халиолла​ қатысты.​
Кездесу барысында мәдениетке, айтысты ұлттық өнер түрі ретінде дамыту және дәріптеу сұрақтары​ талқыланды.​
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі