Ақтөбеде Wrestling stars еркін күрес кеші өтті

Ақтөбеде Wrestling stars еркін күрес кеші өтті

23 қазан Ақтөбеде Олимпиада жүлдегерлері мен жекпе-жек файтерлері және өнер жұлдыздары «Wrestling stars»  еркін күрес кешінде өзара күш сынасты. 
Елімізде тұңғыш рет өткізілген турнирде 30 палуан 8 салмақ бойынша боз кілемге шықты. (57кг, 61кг, 65кг, 70кг, 74кг, 79кг, 86кг, 125кг). Жарыс Халықаралық біріккен күрес әлемінің ережесіне сай өтті. 
Турнирдің ресми бөлімінде кеш қонақтары өңір басшысы Оңдасын Оразалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әлия Әбсеметова,  Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев қонақ болып, ел емерейін үстем еткен спортшылар мен көреременге ыстық лебізін жолдады.
«Біздің халық әлмисақтан қашан да дүбірлі дода, күрес дегенде ішкен асын жерге қойатын. Ел намысы үшін елеңдейтін жанкүйерлері палуандарына жалынды рух беріп, жеңіске жетелеп қолдау көрсетуге тырысып бағатын. Еліміздің тарихы ержүрек батырларымыз бен құрыш білек балуандарымыздың ерлігіне толы. Арғысы Алпамыс пен Қобыланды, бергісі Балуан Шолақ пен Қажымұқан сынды бабаларымызды үлгі тұтқан Әбілсейіт Айханов, Жақсылық Үшкемпіров, сияқты ағаларымыздың ізін жалғастырған Ермахан Ибраимов, Дәулет Тұрлыханов пен Бақтияр Байсейітов секілді батырлармыз отандық күрестің абыройын арттырып, даңқымызды көтерді. Олардың соңынан ерген жаңа буын өкілдерінің бірқатарын біз бүгінгі додада көреміз.  Осындай елдің намысын қорғаған ағаларының ізін жалғастырушы тарландардың,  дарабоздардың додасына қош келдіңіздер!»,- деді Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев, Беларусь елінің палуаны Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Ибрагим Саидов, ҚР жаттықтырушысы Әсет Иманбаев, ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы Бақдәулет Әлментай, Азия чемпионы Еркебұлан Боранғали сынды бабы келіскен палуандар мен октагон майталмандары Сергей Морозо, Арман Әшім, Ильдар Құдайбергенов, Асу Алмабаев, workout спортынан әлем чемпионы Айтым Жакупов, Гойти Дазаев, Қуат Хамитов боз кілемде белдесті. Білегі мығым жігітермен өнер  барысының екі дүркін чемпионы, актер Асылхан Төлепов пен киноактер Ғазрет Қажымұқанұлы және актер Жасұлан Әйтенов күресті.

Белдесу еркін және грек-рим күресі бойынша өтті. “Wrestling Stars” кеші басқа турнирлерден ерекшелігі көп. Алғашқы турнир болғандықтан палуандар тек бір қарсыласпен, бір рет боз кілемге шығады. 
Жеңімпазға 500 000 тг бұйырса, жеңілген палуан 300 000 тг ақшалай сыйлық табысталды. 5 сағатқа созылған еркін күрес кешінде Ақтөбе жұрты күш пен намыстың, жігер мен ептіліктің сайысына куә болды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі