
22 қазан күні, облыс әкімі Оңдасын Оразалин 8 Наурыз көшесіндегі көп пәтерлі үйлердің аулаларын жарықтандыру және асфальттау жұмыстарымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, биыл темір жол вокзалы маңайындағы көшелерді жөндеу қарқынды жүргізілуде.
8 Наурыз көшесінде жарықтандыру желілерімен 12 аула қамтамасыз етіледі. "АМК Жарық" ЖШС мердігерлік ұйымының өкілі Бекмұрат Жолмұратов жұмыстың штаттық режимде жүріп жатқанын хабарлады. Жалпы қала бойынша "АМК Жарық" ЖШС 200-ден астам ауланы жарықтандыру бойынша жобаларды жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, облыс орталығында үйлердің қасбеттерін сәнді жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 140-қа жуық көпқабатты үйдің қасбетін жарықпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Облыс әкімі Ә.Молдағұлова даңғылы бойында орналасқан 5 шағын аудандағы көпірден Сәңкібай батыр даңғылына дейінгі декоративтік жарықпен безендірілетін үйлер жобасының іске асырылу барысын қарап шықты. Осындай жұмыстар Әбілқайыр хан даңғылында Ә.Молдағұлова даңғылынан Абай даңғылына дейінгі учаскеде жүргізілетін болады.
Айта кету керек, үйлердің қасбеттерін илюминациялық безендіру жобасы ескірген көше шамдарын үнемдегіш заманауи жарықдиодты шамдарға ауыстыру нәтижесінде үнемделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Облыс әкімі сапаға ерекше көңіл бөліп, осы бағыттағы жұмыстарды желтоқсан айына дейін толық аяқтауды тапсырдым.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі