
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі су, газ, электр желісі, жол және әлеуметтік нысандар құрылысының сұрақтары бойынша қызметтік жиын өткізді.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр, энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нағымжан Алдияров қатысты.
Биыл жүзеге асырылып жатқан және жарын жүзеге асырылады деп жоспарланған жобалар қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі мемлекет басшысының 1 қыркүйек, сәрсенбі күні Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру міндетін ерекше атап өтіп, инженерлік құрылымды, тұрғын үй құрылысын әрі қарай дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.