Облыс әкімі Ақтөбе қаласындағы №19 мектепке барды

Облыс әкімі Ақтөбе қаласындағы №19 мектепке барды

1 қыркүйек күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы №19 мектепте болды. Өңір басшысы мұғалімдер ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі және оқу ғимаратының кітапхана қорын ғылыми, деректі және көркем әдебиеттермен толықтырды.
​
Өңір басшысы мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын қарап шықты. Айта кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің қарсаңында 50 жылдық тарихы бар білім ордасы алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Ғимараттың шатыры, едені, қасбеті, барлық кабинеттері жаңартылып, терезелері және т.б. алмастырылды. Қазіргі таңда мұнда 1200 бала оқиды.
​
Мемлекет басшысының білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын барынша күшейту бойынша тапсырмасына сай жаңа оқу жылында №19 мектеп те облыстың басқа мектептері секілді күзетпен қамтылып, тікелей полицияға дабыл түсетін «дабыл түймесі» орнатылған. Сондай-ақ, санитарлық нормаларды сақтау үшін барлық жағдай жасалған. 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі