Облыс әкімінің орынбасары өндіріс орындарын аралады

Облыс әкімінің орынбасары өндіріс орындарын аралады

Ағымдағы жылдың 19 тамызында облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Хромтау ауданына жасаған іс-сапары аясында, хром кенін өндіретін «Казхром» ТҰК» АҚ, «Восход Oriel» ЖШС, мыс және мыс-мырыш кенін өндіретін «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Коппер текнолоджи» ЖШС және силикат кірпішін шығаратын «Хромтауский кирпичный завод» кәсіпорындарының ахуалымен танысты.

Аталмыш іс-сапар аясында өңірдегі тау-кен өндіру саласының ірі кәсіпорындарының өндірістік көрсеткіштерімен және олардағы жұмысшылардың әлеуметтік қамтылуымен таныс болды.

Іс-сапардың қорытындысы бойынша кәсіпорындардағы өнеркәсіптік көрсеткіштің оң деңгейін сақтау, сондай-ақ қызметкерлер үшін әлеуметтік кепілдіктерді, жалақыны уақытында өтеуді басты назарға алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.