Облыс әкімі Ақтөбе қаласын дамыту жөнінде​ жиын өткізді

Облыс әкімі Ақтөбе қаласын дамыту жөнінде​ жиын өткізді

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен​ 25 тамыз, сәрсенбі күні Ақтөбе қаласын дамыту сұрақтары​ бойынша жиын өтті.
Жиын кезінде қала әкімі Асхат Шахаровтың​ ​ірі көлемді қоқыстарды​ шығаруға, Тұрғындар қалашығы ауданындағы​ үйлерді жөндеу мен​ сырлауға, аулаларды жөндеуге,​ облыс орталығын көгалдандыру мен​ абаттандыруға және сенбіліктер өткізуге қатысты баяндамасы​ тыңдалды.​
Жиын соңында өңір​ басшысы қала басшысы мен жауапты тұлғаларға Ақтөбені әрі қарай дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі