Облыс әкімі вице-министрмен кездесті

Облыс әкімі вице-министрмен кездесті

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаевпен кездесті. Кездесу барысында өңірде көтерме-тарату орталығын салу мәселесі талқыланды. Аталмыш жобаның жүзеге асырылуы бағаны тұрақтандырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының маусымдық алып-сатарлық үстемеақысын жояды деп күтілуде.