Облыс әкімі жұмыс бабымен Алға ауданына барды

Облыс әкімі жұмыс бабымен Алға ауданына барды
 
21 тамыз, сенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс бабымен Алға ауданында болды. Жұмыс сапары Бестамақ ауылдық округінің Бесқопа ауылындағы жаңа тұрғын үй алабының инженерлік коммуникациялармен қамтылу жұмыстарының барысымен танысудан басталды.
Қазіргі таңда Бесқопада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға 500-ден аса адам кезекте тұр. Жарын 375 жер телімін беру жоспарда бар. Осы мақсатпен биыл шілде айында жер телімдеріне газ құбырын жүргізу жұмыстары аяқталған.
«375 жер телімін газбен қамту мәселесі толық шешілді. Сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы осы жыл біткенше аяқталады деп жоспарлап отырмыз, келесі жылы жарық жүргіземіз, сол кезде жер телімдері кезекте тұрғандарға беруге дайын болады», - деді Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нағымжан Алдияров.
Облыс әкімі Маржанбұлақ ауылында тұрғын үй құрылысына берілген 420 жер телімінің көшелерін жарықпен қамтамасыз етуді тапсырды.
Нағымжан Алдияров: «Қаржыландыру келесі жылға қарастырылған, бірақ сіздің тапсырмаңыз бойынша бұл сұрақты жыл соңына дейін шешуге тырысамыз. Жарын, сондай-ақ, сумен жабдықтау мәселесімен жұмыстанамыз», - деп уәде берді.
Есет батыр ауылында өңір басшысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының Ш.Уәлиханов, Ә.Молдағұлова, Е.Мусин (жалпы ұзындығы 4 шақырым) көшелерінің жол жөндеу жұмыстары, мәдениет үйінің жөндеу, орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары, дәрігерлік амбулаторияның құрылысы сияқты бірқатар жобаларының жүзеге асырылуымен танысты.
Алға қаласындағы мәдениет үйінің коворкинг орталығында облыс әкімі жергілікті жастармен әңгімелесіп, сұрақтарына жауап берді және мамандықты дұрыс таңдау не үшін маңызды екенін айтып берді.
«Бүгінде жастардың көбі жұмыс іздеп жүр, сонымен қатар, көптеген кәсіпорын лайықты еңбекақысы мен жағдайы бар жұмысқа жұмысшылар таппай жүр. Өйткені тиісті білімі мен біліктілігі бар маман жоқ. Сіздердің білімге деген құштарлықтарыңыз бен мамандықты дұрыс таңдауларыңызға көп нәрсе байланысты. Еңбек нарығында расымен сұранысқа ие мамандықты таңдау арқылы өзіңізді, кейін отбасыңызды қамтамасыз ете аласыздар», - деді Оңдасын Оразалин.
Сол жерде облыс басшысы аудан әкімі Нұрбол Ержановтың экономикалық және әлеуметтік даму туралы баяндамасын тыңдады.
Биылғы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Алға ауданында 11,6 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі, 7,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, 8,7 млрд. теңге инвестиция тартылған. Жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 14,2 % 2304 бірлікке дейін артты. 1200-ден аса жаңа жұмыс орны құрылды. Тұрғын үй құрылысының өсімі 17,1 %-ды құрады. Осы жылдың соңына дейін Алға қаласында жергілікті атқарушы биліктің кезекте тұрған адамдарына алпыс пәтерлік әлеуметтік үй пайдалануға берілмек.
Алдағы жылға жоспарды тыңдап шыққан облыс әкімі барлық жоспарланған жобаларды сапалы әрі уақытында жүзеге асыруды тапсырды.
Оңдасын Оразалин сондай-ақ, аудандық маңызы бар “Алға-Самбай” автокөлік жолының жөндеу жұмыстарын қарап шықты. Жөнделіп жатқан жолдың ұзындығы 15 шақырым. Жобаны келесі жылы желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.
Облыс әкімі ғимараты «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөнделген Алға балалар өнер мектебінің жұмысымен танысты. Жалпы аумағы 663 м3 болатын екі қабатты мектеп 1980 жылы салынған. Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде шатыры, су құбыры, кәріз және жылу жүйелері жаңартылып, есік-терезелері алмастырылды, айналасы абаттандырылды.
Алға қаласындағы тағы бір нысан - индустриалық-техникалық колледждің ғимараты түбегейлі жаңартылды. Аумағы 2600 м3 болатын екі қабатты ғимараттың шатыры, терезелері, қасбеті және т.б. өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңартылды. Жұмыс оқу жылы басталғанша бітеді.
​ 21 тамыз күні Қарабұлақ ауылдық округінің Амангелді ауылына газ келді. Газ құбырының ашылу рәсіміне облыс әкімі қатысты.
Оңдасын Оразалин: «Бүгінде облыс халқының 91,6%-ы газбен қамтылған. Республика деңгейінде облыс газбен қамтылуы жағынан бесінші орында. Биыл 8,6 мыңнан аса адамды қамтитын тағы 14 елді мекен газ желілеріне қосылады. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы аясында 2025 жылға дейін облыстың 104 елді мекенің газбен қамту жоспарланып отыр», - деді құттықтау сөзінде.
Қызмет сапары Үшқұдық ауылдық округімен аттас ауылдағы жол жөндеу жұмыстарын қараумен жалғасты. Атап айтқанда, ауылға кіретін және орталық көшенің ұзындығы 2,7 шақырым болатын жолдарының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Өңір басшысы жол бойындағы жаяу жүргіншілер жолын реттеуді тапсырды.
Ауданға сапары кезінде облыс әкімі дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығына ерекше назар аударды. Оңдасын Оразалин бірқатар шаруа қожалықтарына соқты.
«Өрлеу» шаруа қожалығы сегіз жыл жылыжай ісімен айналысып келеді. Жылыжайдың 6 гектардан астам жеріне қызанақ, қияр және құлпынай егілген. Өнімнің негізгі бөлігі Ақтөбеге жіберіледі. Сату жағынан проблема жоқ, - дейді шаруа қожалығының басшысы Ғалымжан Мошқалов.
Соңғы үш жыл қожалық мал шаруашылығын игеріп келеді. Бұл бағытағы жұмыстар да өрге басуда. Жарын 4 мың бас ірі қараға арналған жаңа баздар мен бордақылау алаңдарының құрылысы аяқталады. Сиырлар гидропондық жасыл жем-шөппен бордақыланады. Гидропоника 1 келі дәннен 8 келі жасыл жем-шөп алуға мүмкіндік береді. Мұндай жем 95 % сіңімді болса, дән 50 % сіңеді.
«Кеңейіп келеміз. Электр энергиясы керек. Биыл мемлекет біздің баздарға 10,5 шақырым электр желісін татып, қолдау көрсетті. Бұл үлкен көмек, сол үшін алғысымды білдіргім келеді», - деді Ғалымжан Мошқалов.
«Өрлеу» шаруа қожалығын электрлендіру жобасы «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Мемлекет бұл мақсатқа 49,5 млн. теңге бөлді. Өз кезегінде «Абылай» ШҚ басшысы Қыдырбай Ксупов былтыр берілген жем-шөп субсидиясы үшін ризашылығын білдірді.
« Бұл мал шаруашылығын дамытуға және мал басын көбейтуге үлкен көмек, қуатты ынталандыру. Субсидияның арқасында шағын қожалықтар корпоротивке біріккілері келеді. Мемлекет басшысына, облыс әкіміне алғыс айтамыз. Сондай-ақ, мемлекеттің ауылшаруашылық техникасын сатып алатын шығынның 35% -ын субсидиялауы да үлкен көмек» , - деді Қыдырбай Ксупов.
Айта кетейік, биыл қожалық ет-сүт өнімдерін өндірушіден тұтынушыға делдалдық үстеме бағасыз тікелей жеткізу үшін Ақтөбеден екі шағын дүкен ашқан болатын.
Шаруалармен сөйлесіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған облыс әкімі өзінің орынбасары Жақсығали Иманқұловқа ауыл шаруашылығын әрі қарай дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді, соның ішінде ауыл шаруашылығын өндірушілерге субсидияның уақытында төленуін қамтамасыз етіп, жем-шөп дайындау мәселесін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі