Облыс әкімі Байғанин және Темір аудандарында болды

Облыс әкімі Байғанин және Темір аудандарында болды
19 тамыз, бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс бабымен Байғанин және Темір аудандарында болды.
Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында облыс әкімі 2019 жылы пайдалануға берілген №4 мектеп-гимназиясын қарап шықты. Қазіргі таңда мұнда 400-ден аса бала білім алуда. Химия, физика, билолгия және робот техникасының мамандандырылған кабинеттері бар. Мектеп жанында 100 орынға арналған инернат жұмыс жасап тұр. Осында облыс әкімі аудан әкімі Қайрат Отаровтың экономика мен әлеуметтік саланың дамуы жайлы есебін тыңдады. Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша облыста ауыл шаруашылығындағы оң динамика сақталды. Ірі қара мал басының өсімі 5,9%, жылқы 13,3% құрады. Жем -шөп дайындау жұмыстарының 80 пайызы аяқталып, 192 мың тоннадан астамы шабылды.
Баяндаманы тыңдап шыққан Оңдасын Оразалин экономиканың тұрақты өсуін және халықтың әл-ауқатын жақсартуын қамтамасыз ететін бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ол сондай-ақ осы жазда құрғақшылықтан ең көп зардап шеккен көрші облыстарға мүмкіндігінше шөппен көмек көрсету қажеттігін айтты. Сондай-ақ Қарауылкелдіде өңір басшысы демеушілік қаражатқа салынған жаттығу құралдары мен балалар ойын алаңын, Дәуімшар батыр ескерткішін қарап шықты. Нысандар тамыз айының басында пайдалануға берілген.
Сонымен қатар, облыс әкімі «Ustudy» өңірлік тестілеу орталығында да болды. Осыған ұқсас тағы екі орталық Ақтөбе мен Шалқарда жұмыс жасап тұр. Ustudy пункттерінің барлығы компьютерлермен, бейнебақылау камераларымен және басқа да техникалармен жабдықталған. Аудиторияда, оның ішінде Нұр-Сұлтандағы орталық тестілеу пунктінде не болып жатқанын көрсететін алдыңғы камерадан басқа, әр үстелдің үстінде тағы бір камерадан орнатылған. Ол сондай-ақ студентті сәйкестендіру ретінде, Face ID сияқты пайдаланылады, мұндай сәйкестендіруден тест тапсырушылар ғимараттың кіреберісінде өтеді. Қарауылкелді ауылына«U-study» ​ тестін тапсыру үшін облыстың барлық аудандарынан және көршілес Атырау облысынан келеді.
Мұнда сонымен қатар мұғалімдердің, мемлекеттік қызметкерлердің, медицина қызметкерлерінің біліктілігі тексеріліп, жүргізуші куәлігіне тестілеуден өткізеді.
Өңір басшысы А.Молдағұлова мен Ж.Айжарықов атындағы көшелердегі жол жөндеу жұмыстарымен танысты, онда ағымдағы жылдың желтоқсан айына қарай «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша ұзындығы тиісінше 1,117 және 1,836 метр болатын жол төсемі жаңартылады. Бұдан өзге, Байғанин ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 20-35 шақырымдық Қарауылкелді-Жарқамыс және 0-31 шақырымдық Қарауылкелді-Алтай батыр-Миялы-Оймауыт автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту - тұрғындар қойған басым міндеттердің бірі. Жол жұмыстарының мерзімі мен сапасын қатаң бақылауда ұстаңыз», - деді О.Оразалин аудан басшылығына.
Сонымен қатар, облыс әкімі Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан жол жөндеу пунктінің құрылыс барысы мен техникалық жабдықталуын қарап шықты.
«Жоба құны - 330 миллион теңге. Нысан пайдалануға беруге 75 пайыз дайын, оны ағымдағы жылдың қыркүйек айында тапсыруды жоспарлап отырмыз. Жол-эксплуатациялық бекеттің міндеті - республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау» автомобиль жолының Жарлы ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі бөлігіне қызмет көрсету. Қыста - қарды, мұзды тазалау, жазда - ұсақ жөндеу, жолдарды күтіп ұстау жұмыстары», - дейді «Қазавтожол» ҰК облыстық филиалының директоры Марат Махамбетов.
Қопа ауылдық округінде Оңдасын Оразалин ірі қара мен көкөніс өсіруге маманданған «Арыстанбай» шаруа қожалығының жұмысымен де танысты. Бүгінде шаруа қожалығында 310-нан астам асыл тұқымды сиыры мен жылқысы, сондай-ақ 6000 гектар жері бар.
Соңғы жылдары Ақтөбе облысында туризм саласын дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Өңірде экотуризм үшін тартымды бірқатар ерекше табиғи ландшафттар бар. Олардың бірі - Байғанин ауданының аумағында 302 метр болатын ең биік нүктеде орналасқан ұзындығы 90 шақырымдық Ақтолағай бор жотасы. Ақтолағайдың сұлулығы мен ұлылығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Айта кету керек, Ақтолағай - мұхиттың бұрынғы түбі, оған акулалардың табылған тістері, киттің омыртқалары және тасбақалардың сансыз тасқа айналған қабықтары куә. Мұнда экологиялық туризмді дамытудағы негізгі проблемалар -инфрақұрылымның дамымауы мен көлік қатынасының жоқтығы.
Ақтолағайды қарап шыққан өңір басшысы уәкілетті органдарға бірегей геологиялық нысанға апаратын туристік маршруттарды әзірлеуді және қарауға енгізуді, қызметті дамыту шараларын қабылдауды тапсырды. Далалықтағы жаңа туристік маршруттар керуенді жабдықтауға және Ақтолағайға дейін түйелермен баруға мүмкіндік беруі мүмкін.
О.Оразалин: «Туристерге тек жайлы ғана емес, сонымен қатар қызықты да болуы үшін маршруттарды дамытуға шығармашылықпен қараңыз. Ақтолағай әлемнің кез келген табиғи туристік брендтерімен бәсекелесе алады. Бұл жерге әлемнің әр түкпірінен адамдар қуана келеді, тек жағдай жасап, танымал ету қажет », - деген сенімде.
Ақтөбе облысы сондай-ақ, этникалық және рухани туризмді дамытудың үлкен әлеуетіне ие.
Темір ауданының Шұбрқұдық ауылы маңында облыс әкімі ​ 1815-1896 жылдары өмір сүрген көрнекті діни қайраткер Досжан хазреттің мемориалдық кешенінің құрылыс барысымен танысты.
Досжан Хазрет балаларды діни сауаттылыққа үйретті, көптеген мешіттердің салынуына үлесін қосты, Доңызтаудағы Қайнар мешіті мен Ойыл өзенінің аңғарындағы Ишан ата мешіті оның тікелей басшылығымен салынған.
Өткен жылы Досжан Қашақұлының жерленген жерінде ауқымды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Намаз залы, қонақ бөлмелері, асхана мен шағын мұражай кіретін кесене мен қонақ үйдің құрылысы аяқталуға жақын.
Көру алаңы бар мешітті қалпына келтіру жалғасуда. Еліміздің киелі жерлерінің тізіміне енгізілген мемориалдық кешеннің аумағын абаттандыруға көп көңіл бөлінді.
«Мешіт бүгінгі күнге дейін өзінің бастапқы күйінде сақталмаған, ішінара қираған. Қалғанын сақтау үшін сыртынан қосымша қабырғалар мен шатыр тұрғызып жатырмыз. Маңғыстаудан әкелінген ұлутасты қолданамыз. Оны мешіттің ішінде сақталған әшекеймен безендіреміз»,- деді сәулетші Қуаныш Әлиев.
Облыс әкімі жұмысты 1 қазанға дейін аяқтауды тапсырды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі