Облыс әкімі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»​ КЕ АҚ басқармасының төрағасымен кездесті

Облыс әкімі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»​ КЕ АҚ басқармасының төрағасымен кездесті
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин​ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»​ КЕ АҚ басқармасының төрағасы Болат Төкежановпен​ кездесті
Тараптар өңірдегі міндетті медициналық​ сақтандыру жүйесінің жұмысын, пандемия кезінде​ жедел шараларды қабылдау мен​ медициналық ұйымдарды қаржыландырудың, тұрғындарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің​ өзекті сұрақтарын​ талқылады.​
Сондай-ақ, кездесу барысында​ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»​ КЕ АҚ-ның Ақтөбедегі облыстық филиалының​ жаңа басшысы​ Алтай Оразмағамбетов​ таныстырылды.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысының​ 87 % тұрғыны​ міндетті медициналық​ сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Қалған​ 13 %-н тіркеу жұмыстары жалғасуда.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі