Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 11 08 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 11 08 21

2021 жылғы 10-тамызда бір тәулікте КВИ-мен ауырған 304 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 257 (Ақтөбе қаласы – 171,   Алға ауданы – 8, Әйтеке би ауданы – 2, Қобда ауданы – 9, Ырғыз ауданы – 2, Қарғалы ауданы – 1, Мәртөк ауданы – 4, Мұғалжар ауданы – 11, Темір ауданы – 14, Ойыл ауданы – 1, Хромтау ауданы – 16, Шалқар ауданы – 18), симптомсыз – 47 (Ақтөбе қаласы – 30, Алға ауданы – 1, Әйтеке би ауданы – 2, Байғанин ауданы – 3, Мұғалжар ауданы – 1, Темір ауданы – 3, Хромтау ауданы – 5, Шалқар ауданы – 2). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 1,5% құрайды.

​​​​         Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 20199 жағдай тіркелді, оның ішінде 70%-ы ауру белгілерімен (14151) және 30,2%-ы симптомсыз (6048) жағдай. 14798  (73,2%) науқас жазылып шықты.

​​​​         Ақтөбе қаласында – 14405 жағдай, оның ішінде (3620 симптомсыз), Алға – 751 (284), Әйтеке би ауданы – 159 (60), Байғанин – 175(119), Ырғыз – 156 (70),  Қобда 364 (79), Қарғалы – 208 (97), Мәртөк – 619 (197), Мұғалжар – 929 (489), Темір – 674 (395), Ойыл – 271 (101), Хромтау – 1037 (315), Шалқар ауданы – 451 (191).

​​​​         Жалпы  тіркелген  20199 науқастың 1,1% (236/0) сырттан әкелінген, 14,5% (2934/18) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 84,3% (17029/286) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 22,5% (3778/48) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

​​​         Қазіргі таңда үй карантиніне 8847 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.