
2021 жылғы 28-шілдеде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 230 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 194 (Ақтөбе қаласы – 119, Алға ауданы – 8, Әйтеке би ауданы – 4, Ырғыз ауданы – 1, Байғанин ауданы – 1, Қарғалы ауданы – 2, Қобда ауданы – 7, Мәртөк ауданы – 6, Мұғалжар ауданы – 12, Хромтау ауданы –25, Темір ауданы – 2, Шалқар ауданы – 7), симптомсыз – 36 (Ақтөбе қаласы – 7, Әйтеке би ауданы – 1, Ырғыз ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 13, Хромтау ауданы – 2, Темір ауданы – 12). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 1,5% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 15894 жағдай тіркелді, оның ішінде 67%-ы ауру белгілерімен (10659) және 32,9%-ы симптомсыз (5235) жағдай. 12473 (78,4%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 11434 жағдай, оның ішінде (3165 симптомсыз), Алға – 615 (273), Әйтеке би ауданы – 127 (51), Байғанин – 135 (86), Ырғыз – 115 (60), Қобда 248 (68), Қарғалы – 181 (90), Мәртөк – 475 (162), Мұғалжар – 698 (406), Темір – 524 (334), Ойыл – 221 (84), Хромтау – 793 (278), Шалқар ауданы – 328 (149).
Жалпы тіркелген 15894 науқастың 1,4% (231/0) сырттан әкелінген, 16,4% (2620/14) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82% (13043/216) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 23,9% (3128/34) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 5860 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.