Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

2021 жылғы 16-маусымда бір тәулікте КВИ-мен ауырған 25 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 19 (Ақтөбе қаласы – 11, , Қобда ауданы – 1, Мәртөк ауданы – 3, Хромтау ауданы – 4), симптомсыз – 6 (Ақтөбе қаласы – 3, Алға ауданы – 1, Хромтау ауданы – 2). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,2% құрайды. Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 11550 жағдай тіркелді, оның ішінде 64,9%-ы ауру белгілерімен (7492) және 35,1%-ы симптомсыз (4058) жағдай. 11117 (96,3%) науқас жазылып шықты. Ақтөбе қаласында – 8523 жағдай, оның ішінде (2527 симптомсыз), Алға – 482 (229), Әйтеке би ауданы - 64 (22), Байғанин – 111 (70), Ырғыз – 79 (51),  Қобда 160 (49), Қарғалы – 157 (81), Мәртөк – 335 (117), Мұғалжар – 452 (283), Темір – 390 (248), Ойыл – 195 (69), Хромтау – 418 (180), Шалқар ауданы – 209 (113). Жалпы  тіркелген  11575 науқастың 1,7% (199/0) сырттан әкелінген, 16,9% (1956/1) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,4% (9420/24) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 23,9% (2250/7) профилактикалық мақсатта тексерілгендер. Қазіргі таңда үй карантиніне 2100 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.