Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 31 05 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 31 05 21

2021 жылғы 30-мамырда бір тәулікте КВИ-мен ауырған 32 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 17 (Ақтөбе қаласы – 14, Алға ауданы – 2, Мұғалжар ауданы – 1), симптомсыз – 15 (Ақтөбе – 9, Алға ауданы – 1, Байғанин  ауданы – 1, Мәртөк  ауданы – 2, Мұғалжар ауданы - 1, Хромтау ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,3% құрайды. Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 11235 жағдай тіркелді, оның ішінде 64,5%-ы ауру белгілерімен (7241) және 35,5%-ы симптомсыз (3994) жағдай. 10273 (91,4%) науқас жазылып шықты. Ақтөбе қаласында – 8289 жағдай, оның ішінде (2495 симптомсыз), Әйтеке би – 60 (21), Алға – 471 (226), Байғанин – 111 (70), Ырғыз – 75 (50),  Қобда 152 (48), Қарғалы – 151 (78), Мәртөк – 313 (115), Мұғалжар – 440 (276), Темір – 383 (244), Ойыл – 195 (69), Хромтау – 391 (169), Шалқар ауданы – 204 (111).    Жалпы  тіркелген  11235 науқастың 1,8% (197/0) сырттан әкелінген, 17,2% (1932/8) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,0% (9106/24) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 24,1% (2191/13) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.  Қазіргі таңда үй карантиніне 3280 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.