Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ашық аспан аясында ұйымдастырылған мерекелік алаңдарға барды. Атап айтқанда өңір басшысы қала күніне арналған Абай даңғылында, орталық стадионда, "Денсаулық" саябағында, сулы-жасыл желекжолда, Тұңғыш Президент атындағы саябақта өткен мерекелік шараларда болып, Ж.Кереев атындағы гүлзармен жүріп өтті.
Аймақ басшысы мерекеге жиналған қалалықтармен, концерттік-ойын-сауық бағдарламаны ұйымдастырған өнер қайраткерлерімен әңгімелесті.
Ақтөбеліктермен тілдескен облыс әкімі қаланың әрі қарай дамуын, тұрғындарына амандық, денсаулық пен бірлік тіледі.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі