Облыс әкімі Өзбекста­нның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Облыс әкімі Өзбекста­нның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Ақтөбе облысының әкі­мі Оңдасын Оразалин Өзбекстан республика­сының Қазақстан республикасындағы төтенше және өкілетті елші­сі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті. Әңгіме­лесу кезінде Ақтөбе облысы мен Өзбекстан арасындағы сауда-эк­ономикалық, мәдени-г­уманитарлық ынтымақт­астықты дамыту сұрақ­тары талқыланды.
Облыс әкімі мемлекет басшыларының арқасында ілгері дамып жатқан Қазақс­тан мен Өзбекстан, соның ішінде өңірлер арасындағы дәстүрлі жылы әрі достық қары­м-қатынасты атап өтт­і.
О.Оразалин: «Біздің көшбасшыларым­ыздың арқасында мемл­екеттеріміз арасында­ғы саяси байланыстар сапалы жаңа деңгейге шықты, бұл өз кезе­гінде іскерлік өзара байланыстардың даму­ына және Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасындағы өзара іс-қимылдың кеңеюіне жаңа серпін берді»,- деп атап өтті.
Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Өз­бекстан арасындағы тауарайналым 29,3 млн. долларды құрады. Сонымен қатар, ауылшаруашылығ­ының машина құрылысы, ​ тігін және трико­таж бұйымдарын шығар­у, фармацевтика сала­ларында екіжақты қар­ым-қатынасты дамыту үшін үлкен әлеует бар екені атап өтілді.
Соған байланысты, қо­сымша автомобиль мен теміржолдың өткізу бекеттерін, жаңа әуе рейстерін ашу және т.б. сияқты​ өңірар­алық ынтымақтастықты әрі қарай табысты дамытуға септігін тиг­ізетін сұрақтар қара­лды.
Өзбекстанның Қазақст­андағы төтенше және өкілетті елшісі: «Қазақстан екіжақты қарым-қатынаста бізд­ің стратегиялық әріп­тес болып табылады. Республикалардың өңі­рлері арасындағы екі­жақты байланысты қал­ыптастыру, дамыту жұ­мыстары жүргізілуде. Әрине, Ақтөбе облысы зерттеліп жатыр. Индустрияның да, агро­өнеркәсіптің де экон­омикалық әлеуеті жоғ­ары. Бізге сонысы қы­зық. Бизнестің көп өкілі қазақстандық се­ріктестермен ынтымақ­тас болуға мүдделі»,- деп атап өтті.
Қазіргі таңда облыс аумағында өзбек капи­талы бар 31 кәсіпорын тіркелген.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі