Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалинге жұмыс сапары кезінде Азамат Бекет баяндады. Қазіргі таңда ауданның Тасөткел және Ақбұлақ ауылдарына тартатын және ауыл іштеріне жүргізетін газ құбырларының құрылысы жүріп жатыр.
Сонымен бірге, орталықтандырылған сумен қамтылу 98,6%-ды құрайды. Оңғар ауылында су тарту желісінің құрылысы мен Никельтау ауылындағы су құбырларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан өзге, осы жылы Дөң ауылын газбен, сумен және электр желісімен қамту жұмыстары басталады.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі