Оңдасын Оразалин Хромтау ауданында болды

Оңдасын Оразалин Хромтау ауданында болды
20 мамыр, бейсенбі күні облыс әкімі жұмыс бабымен Әйтеке би ауданында болып, күннің екінші жартысында Хромтау ауданына барды.
Өңір басшысы Көктау ауылына келісімен "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС қызметімен танысты. "АМК" 2004 жылдан бері мыс және мыс-мырыш рудасы кен орнын игеру бойынша кең ауқымды жұмыстарды жүргізеді. Оның құрамына бүгінде тау-кен байыту комбинаты мен № 2 мыс-мыс-мырыш рудасын өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы кіреді. Мұнда 1600 адам жұмыспен қамтылған.
Өндірістің жылдық қуаты 60 мың тонна мыс пен 45 мың тонна мырыш.
Өңір басшысы Көктау ауылында орналасқан "сервистік әкімдіктің" де жұмысымен де танысты. "Сервистік әкімдікте" ауыл тұрғындары бір ғимарат ішінен бір терезе қағидасымен қажет қызметтерін ала алады. Аудан әкімі Азамат Бекеттің ауданның даму перспективалары туралы баяндамасы осында тыңдалды.
Кейін Оңдасын Оразалин жалпы сомасы 90 млн теңге болатын жеке инвестициялардың есебіне салынған 150 орындық жаңа балабақша мен ангар типіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын қарап шықты. Спорт нысанының құрылысын биыл аяқтау жоспарланып отыр. Жоба құны - 188 млн теңге.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі