Биыл Әйтеке би ауданында мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады

Биыл Әйтеке би ауданында мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады
Жыл басынан бері 420-дан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Бұл туралы аудан әкімі Дархан Ермағанбетов облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің Әйтеке би ауданына жұмыс сапары кезінде баяндады. Ол сондай-ақ, ауданда 13 жол жобасы жүргізіліп жатқанын, соның ішінде жыл соңына дейін 10-20 шақырымға дейінгі аудандық маңызы бар «Светлый-Құмқұдық-Жабасақ» автокөлік жолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталатынын жеткізді. Бұл жолдың 0-10 дейінгі шақырымына байқау жарияланып қойған.
Аудан тұрғындарын газбен және сумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Бүгінде Аралтоғай және Белқопа ауылдарын газдандыру бойынша құрылыс-монитаждау жұмыстары жүргізілуде. Тағы бес ауылға газ құбырын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, Сарат, Толыбай, Ақкөл және Қияқты ауылдарында су құбырын, сумен қамтамасыз ету нысандары және су тазартатын стансасы салынып жатыр.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі