Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 20 05 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 20 05 21

2021 жылғы 19-мамырда бір тәулікте КВИ-мен ауырған 120 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 96 (Ақтөбе қаласы – 63, Алға ауданы – 10, Қарғалы ауданы – 5, Мұғалжар ауданы – 1, Хромтау ауданы – 9, Қобда ауданы – 3, Мәртөк ауданы – 2, Темір ауданы – 2, Шалқар ауданы – 1), симптомсыз – 24 (Ақтөбе – 10, Әйтеке би ауданы – 1, Алға ауданы – 2, Ырғыз ауданы – 2, Ойыл ауданы – 1, Шалқар ауданы – 1, Хромтау ауданы – 7). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 1,1% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 10681 жағдай тіркелді, оның ішінде 64,2%-ы ауру белгілерімен (6866) және 35,7%-ы симптомсыз (3815) жағдай. 9480 (88,7%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 7922 жағдай, оның ішінде (2405 симптомсыз), Әйтеке би – 59 (20), Алға – 436 (209), Байғанин – 103 (64), Ырғыз – 73 (48),  Қобда 139 (46), Қарғалы – 147 (75), Мәртөк – 279 (105), Мұғалжар – 416 (267), Темір – 360 (230), Ойыл – 195 (69), Хромтау – 356 (152), Шалқар ауданы – 196 (104).

Жалпы  тіркелген  10681 науқастың 1,8% (196/1) сырттан әкелінген, 17,3% (1858/16) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,7% (8627/103) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 23,6% (2036/17) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 3831 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.