Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовпен кездесуі кезінде Ақтөбе облысындағы әскери науқанның сапасын көтеру мәселесі талқыланды.
Атап айтқанда, әскерге шақыруды ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану арқылы мерзімді әскери қызметке жетілдіру мүмкіндігі қаралды. Осы мақсатта түрлі мемлекеттік органдардың мәліметтер базасымен интеграциялау жұмысын жүргізіп, әскерге шақырылушылардың "электронды профайлын" енгізу қажет. Бұл мүмкіндік көптеген проблемалық сұрақтарды шешуге, соның ішінде әскерге шақырылушыларды уақытында хабардар етуге және әскери қызметтен жалтарғандарды анықтауға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі жергілікті атқарушы органдардың әскерге уақытында және сапалы шақыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсететінін атап өтті.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі