
2021 жылғы 18-мамырда бір тәулікте КВИ-мен ауырған 68 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 42 (Ақтөбе қаласы – 35, Алға ауданы – 3, Қарғалы ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 1, Хромтау ауданы – 2), симптомсыз – 26 (Ақтөбе – 18, Алға ауданы – 2, Байғанин ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 1, Темір ауданы – 1, Хромтау ауданы – 3). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,6% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 10561 жағдай тіркелді, оның ішінде 64,1%-ы ауру белгілерімен (6770) және 35,8%-ы симптомсыз (3791) жағдай. 9292 (87,9%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 7849 жағдай, оның ішінде (2395 симптомсыз), Әйтеке би – 58 (19), Алға – 424 (207), Байғанин – 103 (64), Ырғыз – 71 (46), Қобда 136 (46), Қарғалы – 142 (75), Мәртөк – 277 (105), Мұғалжар – 415 (267), Темір – 358 (230), Ойыл – 194 (68), Хромтау – 340 (145), Шалқар ауданы – 194 (103).
Жалпы тіркелген 10561 науқастың 1,8% (195/0) сырттан әкелінген, 17,4% (1842/11) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,7% (8524/57) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 23,6% (2019/20) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 3706 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық
-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.