Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Өңір басшысы барған Саралжын ауылдық округінде 2154 адам тұрса, олардың 1190-ы экономикалық жағынан белсенді жаста, 590 адам кәмелетке толмаған, 273 зейнеткер, 492 адам өзін өзі жұмыспен қамтып отыр. Үш ЖШС, 39 жеке кәсіпкер, 45 шаруа қожалығы және т.б. жұмыс жасап жатыр.
Солардың бірі 2000 жылдан бері асыл тұқымды қойларды көбейтумен айналысып келе жатқан "Нұр Асыл" ШҚ. Былтыр қожалықта "Қазагроқаржы" қаржысы есебінен 9,5 млн теңгеге арнайы техникалар жаңартылып, ауылшаруашылығы агрегаттары сатып алынды.
Оңдасын Оразалин сондай-ақ, 1600 гектар аумағы бар, оның 130 гектары суармалы жер, өсімдік және мал шаруашылығымен айналысып отырған "Спарта" шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Қазіргі таңда мұнда құны 58 млн теңге тұратын суармалы жерлерге инфрақұрылым тарту жобасы жүзеге асырылуда.
Кәсіпкер Спартак Төремұратов 30 гектар жерге жоңышқа мен көкөніс өсіруді жоспарлап отыр. Оның бұл бағытта тәжірибесі бар: өткен жылы ол 350 тонна бақша дақылдарын алды, биыл жемшөп өндірісін де дамытамын деп шешті. Өнім көрші Атырау облысына сатылмақ.
Аудан әкімі Асқар Қазыбаев Ойыл ауданының перспективті дамуы, сонымен қатар, тұрғындардың өмір сапасын көтеру шаралары туралы баяндады.
Ойыл ауылында өңір басшысы Н. Оноприенко көшесінің орташа жөндеуінің сапасын тексерді. Жалпы, аудан орталығында 108,5 млн теңгеге ұзындығы 2,3 шақырым болатын бес көше жөнделіп жатыр. Жол жобалары осы жыл біткенше аяқталады.
Келесі нысан Ойыл ауылында "Туған жерге тағзым" акциясы аясында пайда болған "Денсаулық сақтау" аллеясы болды. Жаңа демалыс аймағы орталық аудандық аурухана ұжымының арқасында ашылды. Мұнда Оңдасын Оразалин шырша отырғызды.
Орталық аудандық ауруханаға жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың сырқатын анықтайтын фетальді монитор берілді. Құны 1,7 млн теңге болатын жабдық бюджет қаражатынан тыс ақшаға сатып алынды.
Өңір басшысы аудан басшылығына санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қадағалауды күшейтуді, тұрғындар арасында екпе жөнінде түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Сондай-ақ, облыс әкімі облыстық маңызы бар "Ақпан-2030" ЖШС мердігер мекемесі 110-125 шақырым жерге орташа жөндеу жүргізіп жатқан "Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк" автокөлік жолын қарап шықты.
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы өкілдері жұмыс сапасын тексеру үшін Оңдасын Оразалиннің көзінше сынама алды. Жылжымалы зертхана экспертизасының нәтижесі асфальтбетон жабындысының барлық стандарттарға сәйкес екендігін көрсетті.
Бұл ретте облыс әкімі мердігер мекеменің жұмысты белгіленген мерзімде аяқтамағанына наразылығын білдіріп, жұмысты тез аяқтауды тапсырды.
Ол мердігерлерге: "Өңірде жүзеге асырылып жатқан барлық жол жобалары менің үнемі бақылауымда. Жол мәселесі біздің облыс үшін өзектілердің бірі болып қала береді. Сіздердің міндеттеріңіз өздеріңізге алған міндеттерді сапалы әрі мерзімінде орындау. Олай болмаған жағдайда бәрін қайта жасауға тура келеді",- деп ескертті.
Ш.Берсиев атындағы ауылдық округте өңір басшысы "Ақжол М" ШҚ-да болды. Қожалықта 150 бас ірі қара мал бар, оның ішінде 88 асыл тұқымды сауын сиыр, 80 жылқы.
"Ақжол М" мемлекеттік қолдауды белсенді қолданады, "Сыбаға", "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары аясында 16,5 млн теңгеге несие алып, "ҚазАгроқаржы" АҚ қаржысына МТЗ-1 трактор сатып алды.
Темір ауданында облыс әкімі 1318 адам (олардың ішінде 747 тұрғын экономикалық тұрғыда белсенді, 459 бала, 108 зейнеткер) тұрып жатқан Алтықарасу ауылдық округінде болды. Ауылдық округте 43 шаруа қожалығы, төрт дүкен, 11 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды.
Өңір басшысы Алтықарасу ауылының "Шұбарқұдық-Ойыл" автокөлік жолынан басталатын 2,2 шақырымдық кіре беріс жолын қарап шықты.
Учаске былтыр тамыз айында пайдалануға берілген. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба құны 68,1 млн. теңгені құрайды.
Шұбарқұдық кентінде 2823 аула бар. Округте 14013 адам тұрады, оның ішінде 5428-і экономикалық тұрғыда белсенді адамдар, 3433 бала, 1230 зейнеткер, 351 мүгедек.
47 ЖШС, 717 жеке кәсіпкер, 224 дүкен, 21 кафе жұмыс жасайды.
Шұбарқұдық кентінің Қызылжар шағын ауданында 16 пәтерлі екі қабатты үй салынып жатыр. Мердігер "Спарта и КО" үйдің құрылысын биыл қараша айында аяқтауға уәде беріп отыр. Жалпы, үй кезегінде Темір ауданының 150 тұрғыны тұр. Мұнда облыс әкімі өңірдегі аудандардың ешқайсысында теңдесі жоқ "Ар-Амир" супермаркетіне соқты. Ірі сауда нүктесі осы жылдың басында ашылған болатын. Жоба "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. 27 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған.
Оңдасын Оразалин әлеуметтік жағынан маңызды азық-түліктердің 19 түрі тиімді бағамен сатылып жатқанына көз жеткізіп, супермаркетте сауда жасады. Сауда нүктесі жанында кондитер және нан-тоқаш өнімдері пісіріледі.
Шұбарқұдық балалар музыка мектебінде 2020 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеу жүргізілген. Мұнда 340 бала оқиды.
Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев өңір басшысын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қабылданып жатқан шаралар жайында хабардар етті.
Осы жыл басталғалы өнеркәсіп көлемі
105,4%, ауыл шаруашылығы 103,3%, құрылыс 118,3%, сауда 103,8% құрап, 5,9 млрд теңге инвестиция тартылды.
2021 жылы елді мекендерде ангар типтес екі спорт кешені салынатын болады, Шұбарши ауылында алпыс орынға арналған интернаты бар 320 орындық мектеп тұрғызылуда, төрт елді мекенде көпфункционалды ойын алаңдары және т.б. орнатылады. Бес ауылда сумен жабдықтау, алты ауылда газбен жабдықтау
жобалары жүзеге асырылады. Шағын және орта бизнес саласында "БЖК-2025" бағдарламасы аясында 14 жобаны, "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша он жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Оңдасын Оразалин инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Ол "Ақбөпе" ШҚ жұмысына ерекше қызығушылық танытты. Былтыр қожалық "Агробизнес" бағдарламасы бойынша 28 млн теңгеге несие алды, 58 жылқы сатып алды. Биыл 72 млн теңгеге "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 100 бас асыл тұқымды "шароле" ірі қара малы сатып алынды.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Темір-Кеңқияқ тас жолының бойын жасыл желектендіру жұмыстарының нәтижесімен танысты. 1478 гектар алқапты көгалдандыру шаралары 2010 жылы басталған болатын. 2020 жылы 212 гектар алқапқа қараағаш, үйеңкі, шаған, қараған және т.б. көшеттері отырғызылған. Жуырдағы бірнеше жылда мұнда 6 мың гектар алқапқа орман отырғызып, 10,2 млн көшет өсіру жоспарда бар.
Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен орман шаруашылығына 5 бірлік арнайы техника бөлінген.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі