
2021 жылғы 13-мамырда бір тәулікте КВИ-мен ауырған 102 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 77 (Ақтөбе қаласы – 52, Алға ауданы – 3, Қарғалы ауданы – 1, Қобда ауданы – 1, Мәртөк ауданы – 3, Мұғалжар ауданы – 7, Темір ауданы – 3, Хромтау ауданы – 7), симптомсыз – 25 (Ақтөбе – 15, Алға ауданы – 1, Байғанин ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 3, Хромтау ауданы – 5). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 1% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 10240 жағдай тіркелді, оның ішінде 64%-ы ауру белгілерімен (6554) және 35,9%-ы симптомсыз (3686) жағдай. 8755 (85,4%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 7618 жағдай, оның ішінде (2328 симптомсыз), Әйтеке би – 52 (15), Алға – 402 (199), Байғанин – 100 (62), Ырғыз – 70 (45), Қобда 128 (44), Қарғалы – 138 (74), Мәртөк – 274 (105), Мұғалжар – 404 (262), Темір – 345 (225), Ойыл – 194 (68), Хромтау – 323 (137), Шалқар ауданы – 192 (101).
Жалпы тіркелген 10240 науқастың 1,9% (195/0) сырттан әкелінген, 17,5% (1784/17) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,4% (8159/70) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 23,7% (1940/16) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 3843 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.