
2021 жылғы 28-сәуірде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 128 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 106 (Ақтөбе қаласы – 85, Алға ауданы – 2, Қарғалы ауданы – 3, Мәртөк ауданы – 2, Мұғалжар ауданы – 4, Темір ауданы – 1, Ойыл ауданы – 2, Қобда ауданы – 2, Хромтау ауданы –
5), симптомсыз – 22 (Ақтөбе қаласы – 14, Алға ауданы – 1, Әйтеке би ауданы – 1, Ойыл ауданы – 1, Қарғалы ауданы – 5). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 1,4% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 8984 жағдай тіркелді, оның ішінде 62,2%-ы ауру белгілерімен (5591) және 37,7%-ы симптомсыз (3393) жағдай. 6914 (76,9%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 6764 жағдай, оның ішінде (2194 симптомсыз), Әйтеке би – 39 (13), Алға – 291 (158), Байғанин – 93 (56), Ырғыз – 61 (40), Қобда 109 (39), Қарғалы – 105 (69), Мәртөк – 242 (102), Мұғалжар – 341 (225), Темір – 310 (206), Ойыл – 190 (65), Хромтау – 259 (110), Шалқар ауданы – 180 (97).
Жалпы тіркелген 8984 науқастың 2,1% (192/5) сырттан әкелінген, 17,7% (1596/25) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80% (7196/98) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 24,3% (1752/19) профилактикалық мақсатта тексерілгендер. Қазіргі таңда үй карантиніне 5511 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық
-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.