Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 28 04 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 28 04 21

2021 жылғы 27-сәуірде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 83 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 59 (Ақтөбе қаласы – 56, Алға ауданы – 1, Қобда ауданы – 2), симптомсыз – 24 (Ақтөбе қаласы – 16, Алға ауданы – 1, Байғанин ауданы – 1, Қарғалы ауданы – 2, Мұғалжар ауданы – 2, Темір ауданы –  1, Хромтау ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,9% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 8856 жағдай тіркелді, оның ішінде 61,9%-ы ауру белгілерімен (5485) және 38%-ы симптомсыз (3371) жағдай. 6667 (75,2%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 6665 жағдай, оның ішінде (2180 симптомсыз), Әйтеке би – 38 (12), Алға – 288 (157), Байғанин – 93 (56), Ырғыз – 61 (40),  Қобда 107 (39), Қарғалы – 97 (66), Мәртөк – 240 (102), Мұғалжар – 337 (225), Темір – 309 (206), Ойыл – 187 (64), Хромтау – 254 (110), Шалқар ауданы – 180 (97).

Жалпы  тіркелген  8856  науқастың 2,1% (187/0) сырттан әкелінген, 17,7% (1571/13) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,1% (7098/70) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 24,4% (1733/11) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 5445 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.