
2021 жылғы 26-сәуірде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 65 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 50 (Ақтөбе қаласы – 43, Алға ауданы – 4, Әйтеке би ауданы – 1, Темір ауданы – 2), симптомсыз – 15 (Ақтөбе қаласы – 9, Алға ауданы – 6). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,7% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 8773 жағдай тіркелді, оның ішінде 61,8%-ы ауру белгілерімен (5426) және 38,1%-ы симптомсыз (3347) жағдай. 6410 (73%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 6593 жағдай, оның ішінде (2164 симптомсыз), Әйтеке би – 38 (12), Алға – 286 (156), Байғанин – 92 (55), Ырғыз – 61 (40), Қобда 105 (39), Қарғалы – 95 (64), Мәртөк – 240 (102), Мұғалжар – 335 (223), Темір – 308 (205), Ойыл – 187 (64), Хромтау – 253 (109), Шалқар ауданы – 180 (97).
Жалпы тіркелген 8773 науқастың 2,1% (187/0) сырттан әкелінген, 17,7% (1558/10) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,1% (7028/55) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 24,5% (1722/6) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 5582 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.