Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 14 04 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 14 04 21

2021 жылғы 13-сәуірде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 100 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 72 (Ақтөбе қаласы – 66, Алға ауданы – 1, Шалқар ауданы – 1, Хромтау ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 1, Қобда ауданы – 2), симптомсыз – 28 (Ақтөбе қаласы – 18, Алға ауданы – 1, Байғанин ауданы – 2, Қарғалы ауданы – 1, Хромтау ауданы – 3, Мәртөк ауданы – 3). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 1,5% құрайды. Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 6894 жағдай тіркелді, оның ішінде 59,9%-ы ауру белгілерімен (4132) және 40%-ы симптомсыз (2762) жағдай. 5178 (75,1%) науқас жазылып шықты.  Ақтөбе қаласында – 5148 жағдай, оның ішінде (1788 симптомсыз), Әйтеке би – 33 (11), Алға – 188 (108), Байғанин – 74 (42), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 54 (21), Қарғалы – 80 (52), Мәртөк – 216 (94), Мұғалжар – 267 (184), Темір – 251 (184), Ойыл – 149 (34), Хромтау – 215 (99), Шалқар ауданы – 165 (90).

Жалпы  тіркелген  6894  науқастың 2,5% (176/1) сырттан әкелінген, 16,7% (1158/13) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,6% (5560/86) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 26% (1451/16) профилактикалық мақсатта тексерілгендер. Қазіргі таңда үй карантиніне 4135  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.