
31.03.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 86 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 48 (Ақтөбе қаласы – 36, Мәртөк ауданы – 5, Темір ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 1, Ойыл ауданы – 4, Хромтау ауданы – 1), симптомсыз – 38 (Ақтөбе қаласы – 28, Байғанин ауданы – 1, Алға ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 2, Темір ауданы – 2, Ойыл ауданы – 2, Хромтау ауданы – 1, Шалқар ауданы – 1). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 1,6% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 5322 жағдай тіркелді, оның ішінде 55,3%-ы ауру белгілерімен (2948) және 44,6%-ы симптомсыз (2374) жағдай. 4607 (86,5%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 3855 жағдай, оның ішінде (1505 симптомсыз), Әйтеке би – 23 (8), Алға – 138 (90), Байғанин – 61 (36), Ырғыз – 54 (38), Қобда 22 (15), Қарғалы – 68 (44), Мәртөк – 190 (81), Мұғалжар – 232 (167), Темір – 216 (170), Ойыл – 137 (33), Хромтау – 182 (90), Шалқар ауданы – 144 (82).
Жалпы тіркелген 5322 науқастың 3,1% (164) сырттан әкелінген, 16,4% (865) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,4% (4293) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 29,6% (1274) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 1611 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.