Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 30 03 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 30 03 21

29.03.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 73 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 51 (Ақтөбе қаласы – 36, Мәртөк ауданы – 5, Алға ауданы – 3, Ойыл ауданы – 4, Темір ауданы – 3), симптомсыз – 22 (Ақтөбе қаласы – 12, Қарғалы ауданы – 3, Мұғалжар ауданы – 1, Хромтау ауданы – 3, Темір ауданы – 1, Алға ауданы – 2). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 1,4% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 5154 жағдай тіркелді, оның ішінде 55,2%-ы ауру белгілерімен (2848) және 44,7%-ы симптомсыз (2306) жағдай. 4490 (87,1%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 3725 жағдай, оның ішінде (1451 симптомсыз), Әйтеке би – 23 (8), Алға – 131 (89), Байғанин – 60 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 22 (15), Қарғалы – 66 (44), Мәртөк – 184 (81), Мұғалжар – 229 (165), Темір – 213 (168), Ойыл – 127 (31), Хромтау – 179 (89), Шалқар ауданы – 141 (81). Жалпы  тіркелген  5154  науқастың 3,1% (160) сырттан әкелінген, 16,4% (847) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,4% (4147) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 29,6% (1231) профилактикалық мақсатта тексерілгендер. Қазіргі таңда үй карантиніне 1281  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.