Баянбек Қырықбаев М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Батыс Қазақстан облысындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте құқықтану пәнінің мұғалімі болып бастады.
Әр түрлі жылдары БҚО Ақжайық ауданының әділет басқармасында жетекші маман, Ақжайық ауданының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бас маман, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жер қатынастары басқрамаларында бас маман, «Ақтөбе жер ғылыми-өндірістік орталығы» мемлекеттік кәсіпорынында заң, жерге орналастыру құжаттамасын бақылау және мемлекеттік жер кадастр бөлімдерінің бастығы болды, Ақтөбе облысының әкімі аппаратында ұйымдастыру-тексеру бөлімінің бас инспекторы, Қобда ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.
Аталмыш қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысының әкімі аппаратының өңірлік даму, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі