
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
17.03.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 32 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 27 (Ақтөбе қаласы – 23, Ойыл ауданы – 3, Мұғалжар ауданы – 1), симптомсыз – 5 (Ақтөбе қаласы – 3, Мәртөк ауданы – 1, Ойыл ауданы – 1). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,7% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4588 жағдай тіркелді, оның ішінде 52,7%-ы ауру белгілерімен (2419) және 47,2%-ы симптомсыз (2169) жағдай. 4224 (92%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 3280 жағдай, оның ішінде (1352 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 114 (83), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 168 (75), Мұғалжар – 220 (162), Темір – 205 (166), Ойыл – 84 (27), Хромтау – 168 (82), Шалқар ауданы – 135 (78).
Жалпы тіркелген 4588 науқастың 3,3% (153) сырттан әкелінген, 16,1% (743) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,4% (3692) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 31,3% (1159) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 618 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық
-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.