Әбдухат Мырзалин С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Ырғыз ауданының Нұра совхозында жұмысшы болып бастаған.
Әр түрлі жылдары Қарабұтақ (қазіргі Әйтеке би) ауданы прокурорының көмекшісі, Темір ауданы прокурорының орынбасары, Исатай (қазіргі Қобда), Алға және Шалқар аудандарының прокуроры болды,ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Қостанай, Ақтөбе облыстарындағы басқармаларын, Ақтөбе облысының әкімі аппаратында құқыққорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыруға дайындалу бөлімін басқарды.
Аталмыш қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы бойынша жердің пайдаланылуы қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болды.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі