Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 16 03 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 16 03 21

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

15.03.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 9 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 3 (Ақтөбе қаласы – 1), симптомсыз – 6 (Ақтөбе қаласы – 2, Мұғалжар ауданы – 2, Ойыл ауданы – 2). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,2% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4531 жағдай тіркелді, оның ішінде 52,3%-ы ауру белгілерімен (2373) және 47,6%-ы симптомсыз (2158) жағдай. 4224 (93,2%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 3229 жағдай, оның ішінде (1343 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 114 (83), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 167 (74), Мұғалжар – 219 (162), Темір – 205 (166), Ойыл – 80 (26), Хромтау – 168 (82), Шалқар ауданы – 135 (78).

Жалпы  тіркелген  4531  науқастың 3,3% (152) сырттан әкелінген, 16,1% (734) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,4% (3645) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 31,6% (1154) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 841  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.