
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
03.03.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 23 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 15 (Ақтөбе қаласы – 14, Хромтау ауданы – 1), симптомсыз – 8 (Ақтөбе қаласы – 2, Хромтау ауданы – 3, Мұғалжар ауданы – 3). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,3% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4308 жағдай тіркелді, оның ішінде 51,2%-ы ауру белгілерімен (2208) және 48,7%-ы симптомсыз (2100) жағдай. 4072(94,5%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 3069 жағдай, оның ішінде (1311 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 113 (83), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 165 (73), Мұғалжар – 213 (156), Темір – 203 (166), Ойыл – 39 (13), Хромтау – 159 (78), Шалқар ауданы – 133 (76).
Жалпы тіркелген 4308 науқастың 3,4% (149) сырттан әкелінген, 16,4% (708) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,1% (3451) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 32,3% (1116) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 751 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық
-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.