Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы болып Қайрат Райымқұлов тағайындалды

Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы болып Қайрат Райымқұлов тағайындалды
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы болып Қайрат Райымқұлов тағайындалды.
Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, қазақ гуманитарлық-заң университетінің түлегі.
Еңбек жолын 2010 жылы облыстық қаржы басқармасында жетекші маман болып бастаған. Әр түрлі жылдары Ақтөбе қаласы экономика және қаржы бөлімін, Ақтөбе қаласы әкімінің аппаратын басқарып, облыстық қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау басқармаларының басшысы орынбасары болды, облыстық кәсіпкерлік басқармасында басшылық қызмет атқарды.
2020 жылы Президенттің жастар кадрлық резервіне кірді.
2020 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Ақтөбе облысының қаржы басқармасын басқарып келді.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі