Темір ауданының әкімі болып Саламат Аманбаев тағайындалды

Темір ауданының әкімі болып Саламат Аманбаев тағайындалды
ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен Темір ауданы әкімі болып Саламат Аманбаев тағайындалды.
Алматы халық шаруашылығы институтының, Мәскеу мемлекеттік заң академиясының түлегі еңбек жолын Мұғалжар аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер бойынша аға экономисті қазметінен бастаған.
Әр жылдары Ақтөбе облысының салық органдарында жұмыс істеп, Ақтөбе облысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің директоры, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитетінің төрағасы болды, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментін басқарды.
Аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы болды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі