
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
28.02.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 6 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 2 (Ақтөбе қаласы – 1, Хромтау ауданы – 1), симптомсыз – 4 (Ақтөбе қаласы – 3, Шалқар ауданы – 1). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,1% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4268 жағдай тіркелді, оның ішінде 51,1%-ы ауру белгілерімен (2183) және 48,8%-ы симптомсыз (2085) жағдай. 4026 (94,3%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 3044 жағдай, оның ішінде (1305 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 113 (83), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 164 (72), Мұғалжар – 210 (153), Темір – 203 (166), Ойыл – 34 (13), Хромтау – 153 (73), Шалқар ауданы – 133 (76).
Жалпы тіркелген 4268 науқастың 3,4% (148) сырттан әкелінген, 16,2% (694) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,2% (3426) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 32,4% (1113) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 755 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық
-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.